13 қараша күні 9-сынып оқушылары «Импульс» ДПК базасында өткен «Шаңырақ – сенім мен өзара құрмет мекені» атты психологиялық квестке қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар қызықты тапсырмаларды орындап, командалық сынақтарға қатысып, бір-бірін жақсырақ түсінуге, өзара сыйластық танытуға, қолдау көрсетуге және сенім артуға үйренді.
Мұндай шаралар оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, ұйымшылдық пен өзара түсіністікті қалыптастыруға ықпал етеді.