Юрий Алексеевич Гагарин атындағы №14 орта мектепте «Таза Қазақстан!» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Юрий Алексеевич Гагарин атындағы №14 орта мектепте «Таза Қазақстан!» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараға мектептің барлық қызметкерлері қатысты. Бірлесе атқарылған жұмыстың нәтижесінде мектепке іргелес аумақтар ретке келтіріліп, түскен жапырақтар жиналды, айнала тазартылып, мектеп аумағы абаттандырылды.
Осындай іс-шаралар ұжымның бірлігін нығайтып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Сондай-ақ тазалық пен тәртіп әрқайсымыздан басталатынын еске салады!
Бірге мектебімізді және туған Қазақстанымызды таза әрі көрікті етеміз!