Діни сауаттылық – конфессияаралық келісімнің кепілі
Діни сауаттылық – конфессияаралық келісімнің кепілі
Мектебімізде оқушылар арасында профилактикалық кездесу өткізілді. Кездесуді Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының психологы Молжигитов Саян Асхарович жүргізді.
Кездесу барысында діни сауаттылық, түрлі конфессия өкілдеріне құрметпен қарау, діни экстремизм мен радикалды көзқарастардың алдын алу мәселелері кеңінен қозғалды.
Жастардың сыни ойлау қабілетін қалыптастыруға, деструктивті ықпалдарды ажырата білуге және жастарды радикалды қозғалыстарға тарту әрекеттеріне қарсы тұру дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды.
Оқушылар өздерін толғандырған өзекті сұрақтарды талқылап, пайдалы ақпарат алды. Сонымен қатар толеранттылықтың, өзара құрмет пен қазіргі қоғамдағы бейбіт қатар өмір сүрудің маңызы туралы ой бөлісті.
Айырмашылықтарға құрмет, бірлік пен өзара түсіністік – бейбітшілік пен келісімнің негізі!