Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1660928427

Коммуналдық мемлекеттік мекеме                                                    
"№14 орта мектеп Ю. А. Гагарина" 
  • kz
  • ru
  • Все новости

    Құқық бұзушылықтардың алдын алу: есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін жауапкершілік


    Құқық бұзушылықтардың алдын алу: есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін жауапкершілік
    9 қараша күні мектебіміздің 10–11 сынып оқушылары үшін прокуратура және сот органдарымен бірлесіп ұйымдастырылған онлайн форматтағы профилактикалық іс-шара өткізілді.
    Кездесу барысында жоғары сынып оқушыларына есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық істің мән-жайларын көрсететін бейнематериал ұсынылды. Одан кейін тікелей эфирде сот үкімі жарияланды.
    Іс-шара оқушыларға құқыққа қайшы әрекеттердің нақты салдарын көруге және өз іс-әрекеттері үшін жеке жауапкершілік туралы ойлануға мүмкіндік берді.
    Мұндай кездесулердің профилактикалық маңызы зор. Олар құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға, заңға саналы түрде қарауға және заңнаманы бұзудың ауыр зардаптарға әкелетінін түсінуге ықпал етеді.
    Есте сақтайық: болашақ үшін жауапкершілік бүгін жасайтын таңдауымыздан басталады!



    10.11.2026
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Президенттің
    жолдауы

    Рухани жаңғыру

    Пайдалы сілтемелер